Инновациялар

Қазақстанда 4 ай ішінде «бір терезе» қызметін 500-ден астам инвестор пайдаланды – ҚР ИДМ

Қазақстанда 4 ай ішінде «бір терезе» қызметін 500-ден астам инвестор пайдаланды, деп ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы XXIX шетелдік инвесторлар Кеңесінде мәлім етті.
Астана қаласы27 Мамыр , 11:53

«Рұқсат етсеңіздер, өткен отырыстағы АӨК дамытуға арналған хаттамалық тапсырмалардың жүзеге асыру мәселелерін хабарлап өтейін. Үкіметпен келесі тапсырмалар орындалды: агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу орталығы құрылды; егіншілік шаруашығы, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылық жабдықтарын алу бойынша субсидия ережелеріне өзгерістер енгізілді;  «Атамекен» ҰКП аумақтық бөлімшелері арқылы білім тарату жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда. Барлық инвесторлардың ұсыныстары жұмыс тобымен атқарылды және тиісті шешімдер қабылданды. Осы туралы нақты ақпараттар біздің жұмыс материалдарымызда жазылған»,-деді Ә.Исекешев.

Министрдің айтуы бойынша, қазіргі күні Үкімет тура шетелдік инвесторларды тарту үшін белсенді саясатқа көшті. Инвестициялар және даму министрлігінің, сыртқы істер министрлігі, елшілік және аймақтарда жұмысы толығымен өзгертілді.

«2016 жылдың қаңтар айынан бастап инвестициялар және даму министрлігі инвесторлар үшін «бір терезе» саласында жұмыс атқарады. Бір жерде тұрып инвестор 300-ден астам қызмет түрін ала алады: лицензия, рұқсаттама және басқалар. Ендігі күні біз инвесторларды Қазақстан нарығына  кіріп, жобаларын нақты іске асырғанға дейін сүйемелдейміз. 4 ай ішінде 500-ден астам инвсетор осы қызметті пайдаланған. Жаһандық шақыртуларға қарамастан, Қазақстанға инвесторлардың қызығушылығы бар екендігін байқаймыз»,-деді министр.

Естерінізге сала кетейік, бүгін Астана қаласында Р Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысы өтуде. Кезекті отырыс тақырыбы Астана Халықаралық қаржы орталығына арналады. Шетелдік инвесьорлар кеңесі 1998-ші жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған болатын. Кеңес отырысы Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлардың ел басшыларымен тікелей диалог алаңы болып есептеледі. Яғни, Президентпен және үкімет мүшелерімен еркін диалог құра алатын орта.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика