Халықаралық интеграция

С.Чакрабарти: Қазақстандық инвестиция моделі біздің Орталық Азияға келуімізге негіз болады

Қазақстанның инвестиция моделі біздің жалпы Орталық Азияға келуімізге негіз болады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан XXIX шетелдік инвесторлар Кеңесінің отырысында Еурапалық қайта құру және даму банкінің президенті хабарлады.
Астана қаласы27 Мамыр , 11:49

«ҚР Заңнамасы ЖЭК бойынша біздің алғашқы қуатты жел электр станциясын инвестициялауға көмектесті. ЕҚДБ мен ҚР Үкіметінің серіктестігі арқасында біз өте кең спектрлі қызмет көрсетуді инвестицияладық. Біз әйелдер басқаратын кәсіпорындар үшін бизнес-кеңес көрсету және қаржыландыру бойынша арнайы бағдарламаны іске қостық. Бұл ЕҚДБ-ң экономика мен нарықты нығайтудағы маңызды бөлігі. Біздің қазақстандық инвестиция моделі біздің жалпы Орталық Азияға келуіміздің негізі болып табылады»,-деді ол.

ЕҚДБ президентінің айтуынша, қткен жылы Орталық Азияға 1,4 млрд. еуродан астам қаржыны құрайтын инвестиция жасалған.  Еске сала кетейік, Астанада ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің 29-шы оытырысы өтіп жатыр. Ондағы негізгі тақырып Халықаралық Астана қаржы орталығына арналып отыр. Оған халықаралық ірі компаниялар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика