Инвестициялар

С.Чакрабарти: ЕҚДБ 2015 жылы Қазақстанға 700 млн еуродан астам инвестиция құйды

ЕҚДБ-ның Қазақстанға құйылған инвестициясы өткен жылы 700 млн еуроны құрады. Қазақстан ЕҚДБ-нің 36 нарығының 4-ші ірі нарығы болып табылады, деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти Астанадағы XXIX шетелдік инвесторлардың кеңесінде.
Астана қаласы 27 Мамыр, 11:39

«Өткен жылы біз ауыл шаруашылығын талқыладық, мен ЕҚДБ компанияларын қолдау мен қазақстандық агробизнеске жаңа инвесторрларды тартуға дайын. Мен кеше ірі сүт компаниясымен несиелік келісімге қол қойдым, сондай-ақ, біз Астана маңындағы құс фабрикасына инвестиция салуға әзірміз. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына 120 млн еуро салған болатынбыз», -  деді ол.

С.Чакрабарти айтып өткендей,  ЕҚДБ-нің Қазақстанға өткен жылы құйған инвестициясы 700 млн еуроны құрады.

«Қазақстан 36 нарықтың ішіндегі 4-ші ірі нарық болып отыр. Инвестициялар Қазақстан Үкімет жасап жатқан реформалар арқылы жылжуда», - деді ол.

Айта кетейік, іс-шараға халықаралық ірі ұйымдар мен компаниялардың басшылары қатысады, деп күтілуде. Олардың қатарында ЕБРР, Chevron, «ERG», «Metro Cash&Carry, «JP Morgan & Co.», «Citigroup», «Baker & McKenzie», «Ernst & Young», «ЕБР», «Лукойл» сияқты тағы басқа да компаниялар бар.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика