Халықаралық интеграция

ҚР Президенті: АХҚО инвесторлық капитал мен озық білімді тарту орталығына айналады

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы XXIX шетелдік инвесторлар Кеңесінің пленарлы отырысы басталды, кездесудің басты тақырыбы Астана халықаралық қаржы орталығын талқылау болды.
Астана қаласы 27 Мамыр, 11:29

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің басында Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелері – «Марубени Корпорейшн» вице-төрағасы  Мичихико Ота мен «Кнауф» компаниясының  басқарушысы Николас Вильгельм Кнауфты таныстырды.

«Осы жылдар ішінде біздің кездесу жақсы дәстүрге айналды, біз кездесуімізді әр түрлі аймақтарда өткіземіз. Кеңестің өзі инвесторлар үшін, біздің еліміз үшін ең маңызды тақырыптардың сұхбаты үшін ашық алаңға айналды. Кеңесімізді құрған кезден бастап ол ұлғая түсті. Бүгінгі отырысымыздың тақыры Астана халықаралық қаржы орталығына байланысты»,-деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуы бойынша, АХҚО-ны құру- бұл елімізде қолайлы инвестициялық ахуалды құрудың келесі қадамы болып табылады. АХҚО инвесторлық капитал мен озық білімді тарту орталығына айналады.

Айта кетейік, Шетелдік инвесторлар Кеңесінде 240-тан астам делегаттар қатысуда, олардың ішінде шетелдік компания өкілдері, ірі қазақстандық инвесторлар бар. 





Яндекс.Метрика