Өңірлер

Қызылордадағы “Байқоңыр инвест” форумында 26 жоба таныстырылды

Форум жұмысы «Қызылорда облысының инвестициялық жобалары» тақырыбында көрмемен басталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 27 Мамыр, 15:02

Онда форум қонақтары Сыр өңірінде жүзеге асып жатқан 26 жобамен танысты. Әлемнің 12 мемлекетінен және қазақстандық қаржы институттардың өкілдері Қызылорданың мүмкіндіктерін көрді.

Мұнан әрі VII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумының пленарлық мәжілісі өтті. Жиында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін айтып берді.  

“Біздің өңір – ірі ауқымдағы және технология жағынан күрделі жобаларды жүзеге асыруға қабілетті және сенімді серіктес. Сондықтан құрметті әріптестер сіздер өңірдің инвестициялық мүмкіндігін дұрыс бағалайды деп сенеміз. Бізбен бірлесіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғандардың барлығымен біз тығыз жұмыс істеуге дайынбыз. Облысқа келген инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін біз күш салуға дайынбыз”, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Форум аясында Шағын және орта бизнесті дамыту, ауылшаруашылық өнеркәсібінің кооперациядағы болашағы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің және туризм саласының дамуы сияқты мәселелер талқыланатын болады.  

Ортақ жобаларды жүзеге асыру мақсатында бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

 





Яндекс.Метрика