Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Ә.Исекешев: 2025 жылға қарай ЖІӨ-ның шикізаттық емес сектор үлесінің көпшілігі экспорт бойынша тұрақты өседі

Қазақстанда 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің шикізаттық емес сектор үлесінің көпшілігі және экспорт бойынша тұрақты өсетін болады, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы27 Мамыр , 15:48

ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің сөзіне қарағанда, ең алдымен, индустрияландыруды әртараптандыру – бұл жылдам өтетін үрдіс емес, ол көптеген факторларға тәуелді және уақытты қажет ететін ұзақ мерзімді мақсат.  

«Мен біздің саясатымызды бір жағынан асқақ, сонымен қатар нақты нәтиже күтетін, сондықтан да толықтай іске асыруға болады деп есептеймін.  Бірінші бесжылдық бізге жақсы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді де біз экономика салалары, өңірлер мен рыноктардағы жағдайды айқын түсінеміз. Біз жаһандық жеткізілім тізбегіне табысты кірігу үшін қандай тауарлар өндіру қажет екенін білеміз. Біз өзіміздің артықшылықтарымыз бен кемшіліктерімізді білеміз, біз әлемдік трендтерді зерттеп шықтық, барлық тәуекел қатерлері салмақталды», – деп атап өтті Әсет Исекешев.

Сонымен бірге, министрлік басшысы индустрияландырудың бірінші бесжылдығында Дүниежүзілік банктің, ЕРДБ, McKinsey,  BCG және басқаларының ұсыныстары пайдаланылғандығын айтты.   Бағдарламаларды әзірлегенде рыноктардың сығымдалуы, серіктес елдердегі экономикалық өсудің саябырлауы, сондай-ақ әлемдік тұтынудың қысқаруына байланысты ішкі және сыртқы тосқауылдар қаперге алынды. Сөйтіп, оларға қарсы қою үшін индустрияландыру бағдарламасына  (2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ) түзетулер енгізіліп, Үкімет саясатының басқа бағыттарымен үйлестіріліді.

«Мен бұл жерде білім берудің жаңа бағдарламасын, ШОБ-ті қолдау бағдарламасын, көлік және логистиканы дамыту саясатын, МЖС-ті кеңейту және басқаларды айтып отырмын. Бұлардың барлығы ел Үкіметінің жаңа тосқауылдарды ескере отырып әзірлеп жатқан Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясында ескерілетін болады. Мұның сыртында, Ұлттық банктың ақшалық-кредиттік саясаты экономиканың тұрақты дамуына септесуге тиіс, – деді ҚР ИДМ басшысы.

 

 




Яндекс.Метрика