Халықаралық интеграция

Астанада ҚР Президенті жанындағы XXIX шетелдік инвесторлар Кеңесі өтеді

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы XXIX-шы шетелдік инвесторлар Кеңесі өтеді. Кезекті отырыс тақырыбы Астана Халықаралық қаржы орталығына арналады.
Астана қаласы27 Мамыр , 10:42

Іс-шараға халықаралық ірі ұйымдар мен компаниялардың басшылары қатысады, деп күтілуде. Олардың қатарында ЕБРР, Chevron, «ERG», «Metro Cash&Carry, «JP Morgan & Co.», «Citigroup», «Baker & McKenzie», «Ernst & Young», «ЕБР», «Лукойл» сияқты тағы басқа да компаниялар бар.

Отырыста «JP Morgan & Co.» Директорлар Кеңесінің Төрағасы Джейкоб Френкель, «Citigroup» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі Бас атқарушы директоры Джим Колуз, «ERG» менеджерлер Кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич және тағы басқалар сөз сөйлейтін болады.

Шетелдік инвесьорлар кеңесі 1998-ші жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған болатын. Кеңес отырысы Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлардың ел басшыларымен тікелей диалог алаңы болып есептеледі. Яғни, Президентпен және үкімет мүшелерімен еркін диалог құра алатын орта.

Қазақстан Республикасынан Кеңес құрамына лауазым бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттқы банкінің Трағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Қазақстан республикасы Инвестиция және даму министрлігінің инвестиция бойынша Комитет төрағасы кіреді.

Кеңес құрамына шетелдік тараптан халықааралық қаржы ұйымдары мен шетелдік компаниялардың белгілі деңгейде ғана бірінші басшылары кіреді.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика