Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Швейцарияда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шара басталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның аясында БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігімен Женевада ағылшын тіліндегі «Summer Evening, PrairieNight, LandofGoldenWheat: TheOutsideWorldinKazakhstanLiterature», деп аталатын қазақ мәдениетінің үлесі мен бүгінгі заман көшпенділерінің дамуы туралы сыр шертетін кітаптың тұсау кесері ұйымдастырылды.
Әлемде27 Мамыр , 10:08

Негізгі баяндамашы ретінде аталмыш кітаптың авторы, Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол жақында ғана 80 жасқа толған қазақстандық ақын және қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменовты атай отырып, оның «Зеленая пустыня. Жизнь и поэзия» атты ағылшын тіліндегі кітабымен таныстырды, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.  

Іс-шара аясында «Техникалық даму ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Жұматай Сәлімов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Швейцария Конфедерациясындағы «ҚазАльянс» Қоғамдық бірлестігі өкілдігінің вице-президенті  Данияр Тоқбаев өкілдіктің 2016-шы жылға мәдени дипломатиялық бағдарламасын таныстырды.

Іс-шараға Женевада акредиттелген дипломатиялық миссия басшылары, халақыралық ұйым өкілдері, іскерлік орта, мемлекеттік емес ұйымдар мен швейцариялық ЖОО-да оқып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. 




Яндекс.Метрика