«ЕС-145 тренажеры авиациялық техниканың істен шығуы және қолайсыз метеорологиялық жағдайларда экипаждың іс-қимылдарын пысықтауға мүмкіндік береді. Түнгі жағдайларда қолдану үшін түнгі көру көзілдірігі қолданылады. ЕС-145 тікұшағының бортында экипаждың жаттықтыруын басқару, ұшу жағдайының өзгеруіне, тікұшақ жүйелерінің істен шығуы мен ақаулықтарын іске қосу және алып тастау мүмкіндігін қамтамасыз ететін нұсқаушының қосымша жұмыс орны бар», - деді тренажердың бас ұшқышы Викторас Матюшинас.
Бүгінгі күні аталған тікұшақта ұшуды оқып-үйрену үшін әртүрлі елдердің ұшқыштары келуде. «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» компаниясы Н-125, Н-130, ЕС-145 тікұшақтарын сату, жинау және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын болып табылады.
Сондай-ақ кәсіпорында дайындықтың ең жоғары деңгейінде теориялық және практикалық оқытуды ұсынатын авиациялық оқу-жаттығу орталығы бар. Airbus Helicopters ұшқыштар мен техниктерді оқыту академиясының үлгісін негізге ала отырып, «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» компаниясы тиімді және қауіпсіз оқытып-үйретуге кепілдік береді.