EXPO-2017

Сингапур ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

Сингапурдың ұлттық даму Министрлігін қатар атқаратын сауда және индустрия министрі Ко По Кун Астана жасаған сапарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындарын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Астана қаласы27 Мамыр , 09:21

IX-шы Астана экономикалық форумы аясында сингапурлық министр «ЭКСПО-2017» көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевпен кездесті. Кездесу кезінде Ко По Кун Қазақстанның Орта Азиядағы Сингапурдың маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Ол сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесінің екі жақтың да қарым-қатынасының дамуына тың серпін беретінін айтты. Қазіргі уақытта Сингапур «Болашақтың энергиясы» тақырыбы аясында павильонның тұжырымдамалық жоспарын жасап жатыр.

Сингапур «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растаған 86-шы мемлекет.




Яндекс.Метрика