Инвестициялар

Қазақстанда 2016 жылы шетелдік инвесторлардың қатысуымен 60 жобаның құрылысы басталады

Қазақстанда осы жылы 120 жаңа өндіріс жұмыс істейтін болады және шамамен 14 мың жұмыс орны құрылады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев 2016 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жиналыс барысында мәлім етті.
Астана қаласы27 Мамыр , 09:37

Жиналысқа облыс әкімінің орынбасары және ҰКП өкілдері қатысты, деп ведомствода хабарлайды.

«Егер салалық кесінге қарайтын болсақ – көлік құруда -20 жоба, химия мен мұнай-химиясында – 15 жоба, металлургияда – 5 жоба, тамақ өнеркәсібінде – 30 жоба, құрылыс индустриясында-30 жоба және тағы басқалар бар»,- деді министр.

Олардың ішінде 25 жоба АЭА-да іске асырылуда, 30 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылуда.

Мысалы, Tenaris- итальяндық көпұлтты компания, сыйлықақылы қосу арқылы мұнай құбырларын өндіру бойынша жобаны іске асырады. Жобаға жеке шетелдік инвестицияның 14,6 млрд теңгесі салынған, 90 жұмыс орны құрылатын болады.

«Астана-жаңа қала» АЭА жобасында IpekKagit Түрік инвесторларының қатысумен санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өндіру жобасыіске асырылады. Инвестицияның сомасы – 3,4 млрд теңге. 85 жұмыс орны құрылады.

Тамак өнеркәсібінде ресейлік ЭФКО компаниясы бірнеше облыстарда май және тоң май өнімдерін өндіреу бойынша жобаны іске асыруды жоспарлауда. Ағымдағы жылы өндіріс Алматы қаласында басталады. Инвестицияның сомасы – 9,6 млрд теңге, 635 жұмыс орны құрылады.  

Сонымен қатар, 2016 жылы шетелдік инвесторлардың қатысуымен 60 жобаның құрылысы басталады.

Мысалы, химия өнеркәсібінде Еурохим Ресей трансұлттық компаниясыЖанатас қаласында  минералды тыңайтқыштар өндіретін Кешенді құрылысқа кірісуде. Инвестицияның көлемі 1,2 млрд долларды құрайды. Өткен жылы компания бірінші кезеңін аяқтады – ТӨЗ құрылысы және оған жеке инвестицияның 155 млн долларын салды, сонымен қатар 18 млн доллар соманы Қаратау мен Жанатас қалаларының әлеуметтік дамуына жұмылдырылды.

Көлік құру бойынша Қостанай қаласында  СарыаркаАвтоПром базасында JAC, IVECO автокөліктерін құрастыру бойынша жоба іске асырылады.  




Яндекс.Метрика