Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Елбасы ДСҰ бас директорын «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберто Азеведомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақордының баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Мамыр , 19:06

Кездесу кезінде тараптар Қазақстанның ДСҰ-на мүшелігі аясында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың алдағы перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Р.Азеведоны біздің елді ұйымға қосу бойынша жүргізілген келіссөз барысында қолдау білдіргені үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс жасаған жылдарда жеткен жетістіктер мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейде болғанын атап өтті.

Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры біздің елмен ынтымақтастықтың жоғары тиімділігін айта келіп, Президенттің қабылдауына өзінің ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Р.Азеведоны ынтымақтастықты жақсартып, достықты нығайтқаны үшін ІІ-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Р.Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның ДСҰ-на қосылғандағы хаттамаға қол қойған қаламсапты естелік кәдесый ретінде тапсырды. 




Яндекс.Метрика