Парламент

Мәжілісте жайылымдарды ұтымды пайдалануға бағытталған заң жобасының тұсауы кесілді

Қазақстанның Мәжілісінде «Жайылымдар туралы» заңы ұсынылды, ол ҚР Үкімет депутаттарымен жасалды. Заңжобасы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының Жолдауын іске асыру мақсатында жасалды. Ол құжатта отандық мал шаруашылығын дәстүрлі түрде жүргізу үшін жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту және қайта жандандыру қажеттігілігін қамтамасыз ету, сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» атты стратегиялық құжатындағы 35-ші және 97-ші қадамдары көрсетілген.
Астана қаласы26 Мамыр , 18:01

Заңжобасы жайылым инфрақұрылымын жақсартуға, алдын алу жайылымдық жерлердің тозуын өңдеу және қоршаған ортада жайылым экожүйелерінің экологиялық тұтастығын сақтау, сонымен қатар Қазақстанның ет өндіру және ет және сүт өнімдері аблысында жаһандық ойыншы болу мақсатында  экологиялық таза мал өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған.

«Мемлекет үлкен, ал ауыл тұрғындарына мал бағатын жер жоқ. Осыған орай сұрақтар туындайды, яғни қазіргі күні жайылымдар қалай қолданылады деген. бүгінде елімізде жылына 11 миллионға жуық шартты мал басы жайылымға шығарылып отырылады, ал бір мал басының тәуліктік азығы 35 килограмды құрайды. Егерде жайылым уақыты 180 күнге тең болған жағдайда, бір мал басына шаққанда 6,3 тонна шөп азығы керек екен. Ал, біздердің бүгінгі көрсеткіштеріміз 4,6 тоннадан аспайды немесе бір мал басына шаққандағы шөп азығының дефициті 30 пайызды құрап отыр.  Міне осының салдарынан бүгінде еліміздегі мал шаруашылығы өнімдері өспей келе жатыр»,-деп ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев заңжобасын түсіндіру барысында айтып өтті.

Сонымен қатар, депутат республикада ауыл шаруашылық алқаптары 220 млн гектар екендігін, оның ішінде 187 миллион жайылымдарды құрайтындығын айтып өтті.

«Соған қарамастан, ауыл тұрғындарынан малдарды бағатын жер жоқ екендігін есту, әрине жөнсіздік. Елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерде мал санының тым көп болуы олардың тозуына себеп болады. Сондай-ақ, инфрақұрылымның болмауынан, бірінші кезекте алыс жерлердегі жайылымдарда суландырудың болмауына  байланысты, шалғайдағы мал шаруашылығының тиімсіз пайдаланылуы, бұл оларды мал жаю үшін пайдалануға қиындық туғызады. Бұл ретте, осы мөлшердің ішіндегі 27 млн. гектар жайылым тозған және олардың басым бөлігі елді мекендерге жақын орналасқан жерлерге тиесілі»,-деді ол.

Елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерде мал санының тым көп болуы олардың тозуына себеп болады. Сондай-ақ, инфрақұрылымның болмауынан, бірінші кезекте алыс жерлердегі жайылымдарда суландырудың болмауына  байланысты, шалғайдағы мал шаруашылығының тиімсіз пайдаланылуы, бұл оларды мал жаю үшін пайдалануға қиындық туғызады.

Осы тұрғыда, республикада тұрақты жемшөп базасын құру үшін және экологиялық таза әрі арзан мал шаруашылығы өнімдерін алу үшін жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай жатқан табиғи жайылымдық алқаптар әлеуетінің зор екені көрінеді. Көбінесе мұндай жағдай жайылымдарды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды нақты заңнамалық реттеудің болмауына байланысты. Жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі уәкілетті орган әлі күнге дейін заңнамалық деңгейде айқындалмаған.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика