Халықаралық интеграция

ОА-ның әрбір елі экономиканың әртараптануына қол жеткізуі керек – ХВҚ

Орталық Азияның әрбір елі жоғары экономикалық әртараптануға толық қол жеткізуі керек. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард Астана экономикалық форумы барысындағы видео үндеуде айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 17:42

«Қазіргі таңда Орталық Азия үшін белгілі қиындықтар бар.  Ол төмен биржалық баға мен төмен экономикалық өсімге байланысты болып отыр. Оларды шешу қажет. Бірігіп тұрақты өсімге жету қажет. Оған қалай жетеміз? Біздіңше, белгілі оңтайлы әдістер бар, атап айтсақ, монетарлық саясатта кейбір елдер валюта айырбастауды  жеңілдетті. Қазақстан өз валютасын еркін айналымға жіберді. Бұл қысқамерзімді уақытта сынақтарды қысқартудың жол болды», - деді К.Лагард.

Ол айтып өткендей, бұл монетарлық саясат қаржы секторында нақты әлсіздікті  жоюға мүмкіндік бері. Сондықтан да сарапшы қысқа мерзімді перспетивада нақты шаралар мен супервайзерлік қызметті қолдану қажеттігін тапсырды.

Орта және ұзақмерзімді саясатқа келетін болсақ, Орталық Азияның әрбір елі тұрақты өсім мен жоғары әртараптандыруға қол жеткізуі керек.

«Сондай-ақ, экономика шетелдік қатысушылар үшін ашық болса өте иімді болар еді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика