Инвестициялар

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 255 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға тура шетелдік инвестицияның 255 млрд доллары тартылды, деп Президент Нұрсұлтан Назарбаев IX Астана экономикалық форумының жалпы отырысында айтып өтті.
Астана қаласы26 Мамыр , 17:28

«Біз жетекші ТҰК-мен тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндігік алдық. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға шетелдік инвестицияның 255 млрд доллары тартылды»,-деді Президент.

Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, еліміздің халықаралық резервтер көлемі дағдарысқа қарамастан, оған Ұлттық қордың қаражатын қосқанда 95 млрд долларды құрайды немесе шамамен 50 пайыз ЖІӨ.

Сонымен бірге, Президент Қазақстанға сеніп, біздің елімізге қаржы салған барлық компанияларға алғысын білідірді.

«Бұл біздің елімізге деген сенімділік пен елімізде өткізіліп жатқан реформаға деген сенімділіктерінізді көрсетті. Біз әрдайым осы сенімнің көлемінде болғымыз келеді»,-деп толықтырды сөзін мемлекет басшысы. 

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика