ҚР ИИДМБ

Қазақстанда индустриаландыру аясында 4 трлн теңгенің мыңға жуық жаңа кәсіпорыны пайдалануға берілді

Индустриаландыру бағдарламасы аясында Қазақстанда индустриаландыру аясында 4 трлн теңгенің мыңға жуық жаңа кәсіпорыны пайдалануға берілді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы экономикалық форум барысында.
Астана қаласы26 Мамыр , 16:43

1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау нысаны салынды, әлеуметтік саланың шығыны 6-дан 10 пайызға дейін болды. «Бұл есеп ештеңе берсмеуі де мүмкін, бірақ кеңестік кезеңде денсаулық сақтау мен білім беру саласында мұндай жетістік болған емес», - деді Елбасы.

Елбасының айтуынша, елдегі индустриалды – инновациялық саясат пен инфрақұрылымға қатысты саясат өте сәтті жүзеге асырылуда, себебі жақсы жылдары осындай кез үшін ел қаржы жинады.

«100 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, баспанамен қамту 1,5 есеге көбейді. 10,5 мың автожол қайта жөнделіп, салынды. Индустриаландыру аясында  4 трлн теңгенің  мыңға жуық   жаңа кәсіпорыны пайдалануға берілді. Бұл 10 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев айтып өткендей, соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 64 жастан 73 жасқа көтерілді. «Меніңше, басты жетістіктердің бірі менің кезеңімдегі адамдардың жұмысқа тұруы», - деді Елбасы. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика