Басқару

Н.Назарбаев: Елдің жаңа даму моделі – Қазақстанның табиғи ресурстарға тәуелсіздігі

Алдағы онжылдықтағы негізгі міндет – елдің жаңа моделін дамытуды қалыптастыру. Қазақстан табиғи ресурстарға қанша бай болғанымен оған тәуелді болса, ұзақмерзімді гүлденуі мен тұрақтылығын сақтап тұруы жеңіл болмайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумының IX-шы пленарлық отырысында айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 16:39

«Алдағы онжылдықтағы негізгі міндет – елдің жаңа моделін дамытуды қалыптастыру. Қазақстан бұл тұрғыда барлық жағынан әсіресе өсімді жылдамдатуға және бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға толық жағдайы бар. Қазақстан табиғи ресурстарға қанша бай болғанымен оған тәуелді болса, ұзақмерзімді гүлденуі мен тұрақтылығын сақтап тұруы жеңіл болмайды.»

Осыған байланысты Н.Назарбаев осы кезеңдегі негізгі міндет экономикалық өсімнің негізгі жаңа драйверін қалыптастыру, индустрияландыру, жеке сектор иелерімен заманауи экономиканы орнату, халықтың табысын жоғарылатып, адами капиталдың сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

«Экономикалық өсім еңбек өнімділігі, әділ инвестиция, жаңа экономикалық даму моделін қалыптастыру, өмірдің барлық салаларына өзгерістер енгізу арқылы қамтамасыз етіледі»,-деді ел Президенті.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика