Басқару

25 жыл ішінде Қазақстанның ЖІӨ-сі 20 есеге өсті – ҚР Президенті

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ЖІӨ-сі 20 есеге өсті, орташа айлық жалақы 17 есе. Қазақстандықтар қазір өмір сүріп жатқандай өмір сүрген жоқ, деп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумының жалпы отырысында сөз барысында айтып өтті.
Астана қаласы26 Мамыр , 16:22

«Қазақстан картада болмаған жас мемлекет. Ағымдағы жылы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Ширек ғасыр бойы мемлекет тарапынан жолды бағындырдық. Осы уақыт ішінде біз толығымен әкімшілік-командалық  басқармасы бар экономикалық жүйеден ашық экономикалық нарыққа  толықтай өзгердік. Бұл өзгерістер өте қиын және пайдалы болды. Көптеген жұмысты жасадық және алда әлі талай жасайтын жұмыс тұр»,-деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, атқарылып жатқан реформаның басты нәтижесі – азаматтардың әл-ауқатының түбегейлі өзгерісі болды. 

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болатынына ешкім сенбеді. Оның экономикасы мен институтын іс жүзінде нығайту оңай болмады. Оны түсінесіздер деген ойдамын. Атқарылып жатқан реформаның басты нәтижесі – азаматтардың әл-ауқатының түбегейлі өзгерісі болды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ЖІӨ доллар көрініс, оған 2014 жылы қосқанда 20 есеге өсті, орташа айлық жалақы 17 есе. 2 млн жұмыс орындары құрылды»,-деді ҚР Президенті. 

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика