Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Н.Назарбаев: «Стратегия-2050» мақсаты – дамыған 30 елдің қатарына ену (ФОТО)

«Стратегия-2050» мақсаты – Қазақстанды барынша дамытып, 30 елдің құрамына қосу, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы экономикалық форум барысында.
Астана қаласы 26 Мамыр, 16:15

«Өткен жылы біз реформалардың жаңа кезеңі– 5 институционалдық реформасына көштік. Бұл жаңартулар заманауи және автономды, кәсіби мемлекеттік аппараттың құрылуына бағытталған. Заң әділдігін қамтамасыз етіп, индустрияландыру, экономикалық өсім, Қазақстанның бірігуі мен біртұтас, есепті мемлекетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл бес реформа бүгінде заңмен толық қамтамасыз етілді», - деді Елбасы.

Елбасы атап өткендей, 5 реформаның алғашқы тармақтары – кәсіптік үкімет, заң төрелігі  халық үшін жыл басынан бері жұмыс істей бастады.

«Бұл қарабайыр реформа емес. Біз барлығын жедел істеуге тырыстық, себебі шешімді жылдам қабылдау керек болды. Біз үшін халықтың  бірден түсініп қабылдау үлкен бір мәселе болып табылады», - деді ҚР Президенті.

Аталмыш реформаларды жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» әзірленді, қазір сол бойынша жұмыс жасалуда – бұл әлемде болып жатқан негативті жағдайларға берген біздің басты жауабымыз».

«Қазақстан 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегияны жүзеге асырып жатыр. Оның басты мақсаты халық пен келер ұрпаққа біздің мақсатымыз бен бағытымызды айқын көрсеті.  «Стратегия-2050» мақсаты – дамыған 30 елдің қатарына ену. Егер де біз бектілген стратегия бойынша жұмыс істесек, бұл мақсатқа жету әлеуеті бар».

Ботагоз  Айтжанова





Яндекс.Метрика