Халықаралық интеграция

ҚР Президенті: Елдердің жаһандануы табиғи құбылыс және кері қайтпайды

Егер әлемдік алпауыттар саяси конфронтация арқылы өтіп кеткілері келсе – ол барлық ғаламшар үшін қиын жағдай. Елдердің жаһандануы табиғи және кері қайтпайды, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумы аясындағы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде.
Астана қаласы26 Мамыр , 16:12

«Мен суық соғыс кезеңін жақсы білемін. Барлығы әскери экономикалық және саяси блокты бөлісіп, тіпті ешкім бір-бірін түсінбей жатқан кезде мен басқарушы лауазымында болдым. Тіпті басқа елдерде қарапайым адамдарды қабылдамай жатты. Тек қабырға құлағаннан кейін және сұм соғыс кеткеннен кейін әлем кең тыныстап, әлемдік экономика өсе бастады»,-деп мәлімдеді Президент.

Н.Назарбаев артқа шегінуге және осы жетістіктерімізді жоғалтуға болмайтынын атап өтті.

«Менің ойымша, бұл біз ойланатын ең маңызды мәселе. Біз экономикалық мәселелерді, бәсекелестікті, сауда теңдігін, тағы басқаларды шеше аламыз. Егер, әлемдік саяси конфронтация арқылы қандайда бір алпауыттар өтіп кетіп, өз мәселелерін шешкілері келсе – бұл барлық ғаламшар үшін қиын жағдай. Елдердің жаһандануы табиғи құбылыс және кері қайтпайды»,-деді Президент.




Яндекс.Метрика