Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев БҰҰ қамқорлығымен адам капиталын дамыту қорын қалыптастыру туралы бастамасын ұсынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев IX Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен адам капиталын дамыту қорын қалыптастыруды ұсынды .
Астана қаласы26 Мамыр , 16:01

«Егер мемлекетте сауатты, білімді, денсаулығы мықты, пысық адамдар болмаса,онда ол дами алмайды. Осы мәселені шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен адам капиталын дамыту қорын қалыптастыруды ұсынамын. Қордың негізгі мақсаты -  кедей елдерде білім беру және денсаулық сақтау сапасын арттыру болуы тиіс»,- деп толықтырды Мемлекет басшысы.

ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша, «жылына шамамен 50 млрд доллар сома кедей елдерде әмбебап базалық біліммен қамтамасыз етуге сұралады».

«Бұл проблема тек халықаралық қауымдастықтың бірлескен күші арқылы шешілуі мүмкін. Екіншіден, экономикалық өсу қалпына келуі үшін барлық жағдай жасалуы керек, яғни кіріс білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылым саласына қайта инвестициялану керек.  Бүгінгі күні әлем сарапшыларының бағалауынша, оффшорлық шотта 30-дан 40 трлн АҚШ долларына дейін ақша сақталған. Осы активтердің тым болмағанда бір пайызын жұмсағанда, дамушы елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау салалары  жаңа жақсы деңгейге көтерілер еді. Осы салық бойынша қаражатты мен айтып жатқан адам капиталын дамыту қорына жұмсауға болушы еді. Менің ойымша, Халықаралық валюталық қор мен Дүниежүзілік банк жаһандық экнономиканы де-оффшоризациялауда тиімді шараларды ұсына алар еді»,-деді Н.назарбаев. 

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика