G-global

Н.Назарбаев АЭФ қатысушыларына G-GLOBAL интерактивті алаңын белсенді қолдануды ұсынды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назапрбаев Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы барысында айтқан сөзінде Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған G-GLOBAL виртуалды интерактивті алаңын белсенді қолдануды ұсынды.
Астана қаласы26 Мамыр , 15:49

«Қытай Халық Республикасы, Ресей, Қазақстанды алатын болсақ, сіздердің осы форумдағыларыңыз сияқты олар да идеялар мен ұсыныстар әзірлеуде. Бұл ақыл, ой, тәжірибе көзі. Бұған шоғырлану керек. Бұлардан бір идея шығару қажет. Тек әңгімелесіп тарқап кетпей. Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған G-GLOBAL виртуалды интерактивті алаңын белсенді қолдануды ұсынамын»,-деп мәлімдеді Елбасы.

Президент бүгінгі таңда аталмыш алаңға әлемнің 40 елінен 30 мың сарапшы қосылғанын атап өтті.

«Бұл біздің бірлескен жұмысымызға жақсы негіз болады, деп ойлаймын»,-деді Н.Назарбаев.




Дерекнама

Яндекс.Метрика