Парламент

Б.Сұлтанов: 2015 жылы мемлекеттік бюджетке түскен кіріс 6 трлн теңгені құрады

2015 жылы мемлекеттік бюджетке түскен кіріс 6 трлн 137 млрд теңге немесе 105,7 % құрады. Шығыстар 7 трлн 763 млрд теңгені құрады, бұл жоспар бойынша 99,8 пайызға тең. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент Сенатындағы 2015 жылдың республикалық бюджет есебінде айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 18:32

Оның айтуынша, ҚР Үкімет үшін басымдықта әлеуметтік сала тұр. Бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік шығынды көтеруге бағытталған, ол бюджет құрылымында 39,4 пайызды құрап, 2,8 трлен теңгеге ұлғайды. Зейнеткерлік төлемдерді 9 пайызға көтеру қарастырылған.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы республикалық бюджеттің тапшылығы азайды, ол 912 млрд теңгені немесе 2,2 пайыз ЖІӨ құрады. 




Яндекс.Метрика