Экология

Мемлекет басшысы «жасыл экономиканы» дамыту мен табиғи ресурстарды тиімді қолдану бойынша жол картасын әзірлеуді ұсынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумы барысында «жасыл экономиканы» дамыту мен табиғи ресурстарды тиімді қолдану бойынша жол картасын әзірлеуді ұсынды.
Астана қаласы26 Мамыр , 15:39

«Бүгінде экономикалық есеппен қоршаған орта бойынша кешендік шаралар  тысқары  қалуда,  климаттық өзгерістер бойынша жаһандық бастама өте маңызды, алайда өзге проблемалар туралы ұмытпауымыз керек. Париж келісімі аясында «жасыл экономиканы» дамыту мен табиғи ресурстарды тиімді қолдану бойынша жол картасын әзірлеуді ұсынамын», - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, аталмыш жол картасы атмосфераға шығатын зиян қалдықтар санын қысқартуды ғана емес, биоорта үшін қажетті жерлердің  сақталуын да қарастыруы керек.

«Бұл мәселелер дамып келе жатқан елдер үшін өте маңызды: су мәселесі, биоорта мәселесі бар, оған қоса міндеттерді тек елдер ғана емес, жаһандық корпорациялар да жүзеге асыруы керек», - деді Президент.

Айта кетейік, Қазақстан елордасында Астана экономикалық форумы өтуде,  шараға 80 елден 5000 делегат қатысуда.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика