Басқару

Н.Назарбаев: Қазақстан дағдарысқа төтеп беретін жұмысты бастады

Қазақстан дағдарысқа төтеп беретін жұмысты бастады, деп Президент Нұрсұлтан Назарбаев IX Астана экономикалық форумының жалпы отырысында айтып өтті.
Астана қаласы26 Мамыр , 15:36

«Осы жылы «Жаңа экономикалық шындық» маңызды тақырыбын талқылаймыз, нақты айтқанда жаңа экономикалық шындық  біздерден және біздің таңдауымыз бен қызметіне байланысты болады. Осыған орай, форум аясында атақты ғалымдармен, экономист және саясаткерлермен кездесу өткізілді. Мен олардың біздің өсім көрсеткішін қалай бағалап жатқандары туралы ойларын естідім. Осының барлығы сіздерге пайдалы әрі маңызды»,-деді Н.назарбаев.  

Мемлекет басшысы айтып өткендей, «біз дағдарысқа төтеп беретін жұмысты жасап жатырмыз».

«Қазіргі күні барлықтарымызға әлемдік экономикада қандай жағдай орын алып жатқандығы және қандай шаралар қолдану керек сынды мәселелер қызықтырады. Егер бұрындары 2007,2009 жылдары дағдарыс болады деген ғалымдар мен сарапшылардың болжамдары болады дегенді көрсек, бүгінгі күні біз нақты түсінікті, болжамды естімейміз.  Әлем жаңа экономикалық кезеңге аяқ басты және әлемдік экономиканың  компанияларға салық ауыртпалығын төмендету үшін берік негіз таба алмағандығын көрудеміз. Өсу қарқыны бірнеше жылдан бері бәсеңдеуде. Шикізат бағасының құлдырауы елдегі табысты қысқартты –экспорттаушыларды бір уақытта,  экспорттаушы елдерде дефляция қысымы өсті. Қоытындысында барлығы жеңіліс тапты»,-деді ҚР Президенті.

Жалпы отырыста Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберт Азевед, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, «Alibaba Group» Директорлар кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы Джек Ма қатысты, бейне хабарламамен Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард сөз сөйлейді.

Естерінізге сала кетейік, Астанада екі күн бойы өңірдің экономикалық және саяси өмір саласындағы жыл сайынғы іс-шара- Астана экономикалық форумы өтуде. 2016 жылғы форумның тақырыбы - Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы».

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика