Болашақтың біртұтас ұлты

Д.Мыңбай: «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру - әрбір қазақстандықтың міндеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Мәңгілік ел: Менің тағдырым ел тағдырында» тақырыбында азаматтық форум өтті, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметі.
Астана қаласы 26 Мамыр, 16:54

Фомумды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырды.

Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев Қазақстан халқының тарихи санасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырыл отырған азаматтық форумның маңызы ерекше екендігіне тоқталып өтті.

«Мәңгілік ел идеясы кеше ғана пайда болған ұғым емес. Ол сонау көне түркі дәуірінен бері қарай жалғасып келе жатқан идея. Бұл идеяны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауында біздің мемлекеттің ұлттық идеясы ретінде атап өткені белгілі. Содан бері Мәңгілік ел идеясы қазақстандықтардың санасына жетіп көкейіне ұялады», деді Қ.Уәлиев.

Форумда Қазақстан Республикасы Ұлттық музей директоры Д.Мыңбай, Ұлттық музей директорының орынбасары Ж.Таймағамбетов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ң профессоры, Сыздыков, «Тұран-экспресс» халықаралық газетінің бас редакторы, В.Салахов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, З.Қабылдиновтар  баяндама жасады.  

Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай Мәңгілік ел идеясы сонау көне дәуірлерден жалғасып келгенін және оны жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті.

«Мәңгілік ел идеясын бір ғана министрлік немесе мемлекеттік мекеме насихаттаушы емес, барлық азаматтық қоғам оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру керек. Көптеген мемлекеттер өздерінің ұлттық идеясын таба алмай, дауласып жатады. Ал Қазақстанның ұлттық идеясы – Мәңгілік ел идеясы», деді Д.Мыңбай.

Сонымен қатар форумға Ұлттық музейдің ғылыми қызметкерлері, мемлекеттік мекеме өкілдері, тарихшылар, қоғам қайраткерлері  қатысты.  

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика