Өңірлер

Түркістанда көп қабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Көне Түркістан қаласындағы «Отырар» шағын ауданында салынуы жоспарланған көп қабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область26 Мамыр , 19:21

Бүгінгі күні мұнда 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүрсе. Ал  9 қабаттан тұратын 160 пәтерлі екі ғимарат –ипотекалық тұрғын үй есебінен салынуда.

Енді көп ұзамай Түркістан қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен екі бірдей асыраушысынан айырылған жастар және ардагерлер қоныс тойын тойлайтын болады.

Айта кетерлігі, қасиетті қалада бұрын-соңды болмаған тұрғын үйлер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойына орналасқан. Ол маңнан аурухана мен емхана да салынды. Мектеп пен балабақшаның да орны белгіленді.

Бас жоспарға сәйкес, келешекте жаңа ауданға қарсы беттен Әкімшілік іскерлік орталық бой көтереді. Қазіргі таңда қалада 3 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Биыл соның 400-ден астамы баспаналы болады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика