Өңірлер

Қызылордада жыл басынан бері 5 сервистік-дайындау орталығы ашылды

Тұтастай Қызылорда облысы бойынша 1-тоқсанында 219190,0 мың теңге жарғылық капиталдары және 63 адам қызметкерлері бар 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс атқарған, деп хабарлады әкімдік.
Қызылорда26 Мамыр , 18:47

Сервистік-дайындау орталықтарының құрамына 5 ауылдық өндірістік кооперативтері, 3 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 1 өзге де қатысушылар кіреді.

2016 жылғы қаңтар-наурызда сервистік-дайындау орталықтарымен 141497,0 мың теңгеге өнім өндіріліп және қызмет көрсетілді.

Атап айтқанда, мұздатылған балық өндірісі – 31751,0 мың теңге, мұздатылған балық жон етінің өндірісі – 109350,0 мың теңге және ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға беру бойынша қызметтер – 396,0 мың теңге және мұздатылған балықты сақтау бойынша қызметтер – 550,0 мың теңге.

 




Яндекс.Метрика