Халықаралық интеграция

Ю.Кейнхорст: Қазақстан алдағы 2 жылда экономикалық серпіннің оң динамикасына келе алады

Эксклюзив
Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2017-2018 жылдардан қалмай Қазақстан 2012 жылы болған экономикалық серпіннің оң динамикасына келе алады. Бұл туралы ЭЫДҰ қоршаған ортаның іс-қимыл бағдарламасының арнайы жұмыс тобының тең төрағасы, ГФР қоршаған ортамен,табиғатты қорғау және ядролық реакторлар қауіпсіздігі бойынша федералдық министрлігінің басқарма меңгерушісі Юрген Кейнхорст Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы26 Мамыр , 17:13

«Алдағы бірнеше жыл Қазақстан үшін қиынырақ болады. Мұнай бағасы мүмкін төмен болып қалады, ал Қазақстанның экономикасы мұнай ресурстарына қатты байланысты. Халықаралық валюта қорының болжамдарына сәйкес, 2017-2018 жылдардан қалмай Қазақстан 2012 жылы болған экономикалық серпіннің оң динамикасына келе алады. Сондай-ақ, бұл мемлекет үшін қандай қосымша өсу көздерін дамытуға болатындығын және басқа экономикалық секторларды атап өту жағдайында жақсы мүмкіндік болады»,-деді сарапшы.

Ю. Кейнхорст ойынша, Қазақстанға табиғи ресурстарға тәуелділікті азайту қажет.

«Болашақта оңтайлы шапшаңдылықпен қозғалу үшін Қазақстан кейбір қиындықтардан өтуі тиіс, бірінші кезекте, жаңа кәсіпкерлік, жаңа идеялар және т.б бағытта ашық болуы керек. Бұл мақсатқа оңай жете алмайсын, өйткені қазір Қазақстан қаржы секторында айтарлықта артта тұр, әлеуетті бизнес-идеясы бар адамдарға несие беру керек, елдің экономикасында бизнес үшін жаңа идеяларға орын жеткіліксіз, ол орындарды құру керек және эжкономикаға мемлекеттің қатысуын азайту қажет. Жекешелендіру – осы мәселе бойынша бағыттың бірі, алайда міндетті түрде жаңа идеялар үшін еркін нарықты жасау керек»,- деді ЭЫДҰ сарапшысы.

Естерінізге сала кетейік, ЭЫДҰ Бас хатшылығының басшылығымен Қазақстанның кешендік елдің шолуы жарияланды, оны ЭЫДҰ 2012 жылы іске қосты. Оның мақсаты – мемлекетке жан-жақты, орнықты және теңгерімді өсуді қамтамасыз етуді жасау және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика