Халықаралық интеграция

С.Перапечка: BCG «Астана» Халықаралық қаржы орталығының даму перспективасын көріп отыр

Эксклюзив
The Boston Consulting Group (BCG) Астана» Халықаралық қаржы орталығының даму перспективасын көріп отыр. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген BCG серіктесі және атқарушы директоры Сергей Перапечка айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 15:19

«Жекешелендіру қаржылық және нарықтық институттарда, корпоративтік басқарулар сияқты экономиканың салалық даму мүмкіндігін ашады және мықты бәсекелестіктің дамуы есебінен іскерлік белсенділік артады. Бірақ, бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыруда жекешелендіруден түскен тікелей қаржылық амбицияны қысқарта тұруға тура келеді. Олай етпеген күнде экономика үшін жағымсыз әсерлер қалыптасуы мүмкін»,-деді С.Перапечка.

Сарапшы атап өткендей, бағдарламаны жүзеге асыру да қаржылық институттар мен басқару стандарттардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді.

«Осыған байланысты Президент пен Үкімет жариялаған «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру бойынша жоспар жекешелендіру тұрғысынан өте өзекті болып табылады. АХҚО Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында іске аспаған толыққанды нарық капиталын құруға жәрдем береді»,-деді С. Перапечка.

Сонымен қатар, BCG-ң атқарушы директоры АХҚО-ң үлкен даму перспективасын көріп тұрғанын атап өтті.

«Біз концепция аясында көп жұмыс істедік және АХҚО-н құрудың перспективасын көрдік. Мұнымен айналдысатын команда болса, оның әлеуеті әрқашан бар. «Астана» Халықаралық қаржы орталығыныңи басқарушысы Қайрат Келімбетов концепцияны жасауға тікелей қатысты. Оның командасы жалпы реттеушіні құрайтын, қатысушыларды тіркейтін ведомство құрды. Бұл посткеңестік кеңістікте ағылшын ержесін енгізу арқылы заң үстемдігін қамтамасыз ететін алғашқы және бірегей қадам. Қазір жекешелендіру бағдарламасына байланысты жоспарды қайта қарау жүріп жатыр. Қазіргі дағдарыс уақытында үй жұмысын жасауға мүмкіндік бар: ұйымдастыру, әдістемелік, шетелдік серіктесті тарту жұмысы, биржа құру сияқты жұмыстармен айналысқан абзал. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы аймақта үлкен әлеуетке ие»,-деді С.Перапечка.

The Boston Consulting Group (BCG) – бизнес тратегия мәселесі бойынша жетекші консультант, халықаралық компания.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика