Парламент

Сенат Қазақстан мен ХҚДБ арасындағы қарыз туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен отырыста екі халықаралық құжат ратификацияланды.
Астана қаласы26 Мамыр , 15:54

Палата Қазақстан мен Ресей арасындағы Ресей аумағында орналасқан Қазақстанның темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан аумағында орналасқан Ресейдің темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған Хаттама жоғарыда аталған келісімнің 12 және 14-баптары алып тастауды көздейді.

Енгізілген өзгерістер жүктерді тасымалдау кезінде келісілген саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуде екіұшты түсіндіруге жол бермеуге мүмкіндік береді. Сенаторлар Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) де ратификациялады.

2016 жылғы 17 ақпанда Астанада жасалған Келісімнің мақсаты макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау, кірістердің тұрақты өсу қарқыны есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Келісімге сәйкес ХҚДБ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін біздің елімізге бір миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қарыз береді. Қарыз қаражаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қолдауға және экономиканы ынталандыру және экономикалық өсуге жәрдемдесу жөніндегі Үкіметтің стратегиялық шараларының орындалуына мүмкіндік береді. Қарыз 2,5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі.
 




Яндекс.Метрика