Халықаралық интеграция

Қазақстан Ұлттық қорды шебер басқаруда және кірісті керекті арнаға инвестициялауда - ЭЫДҰ сарапшысы

Эксклюзив
ҚР-дың елдің кешендік шолуына сәйкес, ел Ұлттық қорды жақсы басқаруда және мұнайдан түскен кірісті мемлекет жалпы елді дамыту саласында оңтайлы бағытта қолдана білді.
Астана қаласы26 Мамыр , 14:48

Бұл туралы ЭЫДҰ қоршаған ортаның іс-қимыл бағдарламасының арнайы жұмыс тобының тең төрағасы,  ГФР қоршаған ортамен,табиғатты қорғау және ядролық реакторлар қауіпсіздігі бойынша федералдық министрлігінің басқарма меңгерушісі Юрген Кейнхорст Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.    

«Кешендік шолуды өткізу кезінде біз дамуды кең түрде қарастырдық, елдің дамуы тек экономикалық өсім ғана емес, сонымен қатар адамдардың дәулеттілігі, сапасы мен өмір жағдайы. Қазақстан 2000 жылдан 2013 жылға дейін экономикалық өсімнің басқармасын жақсы орындап келді, өмірдің материалдық жағдайы айтарлықтай жақсарды, кедейшіліктің деңгейі төмендеді, білім беру мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділік кеңейді, жалпы алғанда, халық өмірінің жағдайына қанағаттанды»,-деді ол.

Экономикалық құраушылыққа келген кезде, сарапшының айтуы бойынша, Қазақстан Ұлттық қорды жақсы басқаруда және мұнайдан түскен кірісті Қазақстан елді дамыту саласында оңтайлы бағытта қолдана білді.

«Қазақстан қазіргі күні мемлекеттік секторын жақсарту тұрғысынан, экономикадағы меритократия қағидаттарын күшейту үшін айтарлықтай реформаларды жасауда»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, ЭЫДҰ Бас хатшылығының басшылығымен Қазақстанның кешендік елдің шолуы жарияланды, оны ЭЫДҰ 2012 жылы іске қосты. Оның мақсаты – мемлекетке жан-жақты, орнықты және теңгерімді өсуді қамтамасыз етуді жасау және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Аталмыш шолуда даму бойынша негізгі кедергілер де белгіленген және оларды артқа қалдыру бойынша нақты ұсынымдар берілген. Оның негізінде  сандық экономикалық талдау жатыр, сонымен қатар  сапалы шаралар, сондай-ақ қоғамдық және бизнес сектор, азаматтық қоғам мен ғылым өкілдерінің қатысуымен болжау және интерактивті семинарлар жатыр.

Айта кетейік, елдің кешендік шолуы қиын-қыстау жағдайда өткізілуде, яғни Қазақстан даму үрдісін өзгертуде жаңа қиындықтарға тап болуда.

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика