Инвестициялар

Ә.Исекешев: Қазақстан инвестиция тартудың белсенді саясатын іске қосты

Қазақстан инвестиция тартудың белсенді саясатын іске қосты. Мұнай өңдеуге шетелдік инвестиция тарту 80%-ға өсті, азық-түлік өндірісінде 30%-ға, машина жасау саласында 7 есеге артты, деді Астана экономикалық форумында ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.
Астана қаласы26 Мамыр , 15:03

«Жалпы алсақ, соңғы 25 жылда тартылған шетелдік инвестиция көлемі 70%-ды құраған. Алғ соңғы 5 жылда 20 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Біздің Қазақстанның дамуын жеке инвестицияның даму негізінен көреміз»,-деп атап өтті Ә.Исекешев.

Ол министрлік жұмыс істейтін екі бағытты атап өті. Оның ішіне инвестициялық және бизнес ахуалды жақсарту және инвестицияны қорғау бойынша жақсы жағдай жасау, әділ сот жүйесі, экономиканы жоғары санатты адами ресурспен қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда ҚР-ң ИДМ-і сомасы 40 миллиард доллардан асатын 200 инвестициялық жобаға ие.

«Бізге әрбір инвестор маңызды. Біздің стратегия барлық инвесторлар үшін жақсы мүмкіндік болады, деп ойлаймын»,-деді Ә.Исекешев.




Яндекс.Метрика