Инвестициялар

ЕҚДБ ҚР-ға табиғи газды бөлу мен сақтауды жаңғырту үшін 294 млн еуро бағыттады

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти мен «ҚазТрансГаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайтар Шәріпбаев Астанада знергия тапшылығы бар аймақтарды жергілікті табиғи газбен жабдықтауды қамтамасыз ету және Қазақстанда көмірді ауыстыру бағытындағы екі қаржыландыру жобасы туралы келісімге қол қойды. Қарыз сомасы 294 млн. еуроны құрайды.
Астана қаласы26 Мамыр , 12:03

Болашақта іске асатын Бозойдағы жер астына сақтайтын табиғи газ жобасын жаңғырту ҚазТрансГазбен банк арасындағы ынтымақтастық тәжірибесінде алғаш рет қолға алынып отыр.

«Бүгін қол қойылған осы жобалардың ішіндегі 2-уі – бұлар газдандыру мен газ сақтауды арттыру бойынша жасалып жатқан жобалар. Яғни, бұл көмір ресурсынан газға көшуді қамтамасыз етеді. Бұл біздің ҚазТрансГаз ұлттық энергетикалық операторымен өзара іс-қимыл жасаудағы алғашқы тәжірибеміз. Біз бірлесіп сәтті жұмыс істеп кетеміз деп сенміз. Сәйкесінше, Бозой жерасты газ сақтау жобасын жүзеге асыру республиканың батыс аймағынан халқы тығыз қоныстанған оңтүстік шығыс аймақтарына газ жеткізіп, олардың электр энергияға деген тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді»,-деді ЕҚДБ-ң президенті Сума Чакрабарти келісімге қол қойғаннан кейінгі баспасөз брифингінде.

«ҚазТрансГаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев аталмыш келісім Мемлекет басшысының еліміздің газ саласы бойынша берген тапсырмаларының орындалуына мүмкіндік береді, деп атап өтті.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Орта Азия  бойынша ең заманауи газ тасымалдау жүйесіне ие және біз орта Азия бойынша газ транзиті саласында үлкен ойыншыға айналамыз. Біз Ресей мен Қырғызстан үшін газ экспорттаумен айналысамыз. 2016-шы жылдың аяғы мен 2017-ші жылдың басында Қытайға газ экспорттауды бастаймыз. Осыған байланысты Қазақстан бойынша газдандыру мәселесін шешетін боламыз»,-деді ол.

Анара Таныркулова




Дерекнама

Яндекс.Метрика