Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ЭЫДҰ Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың аясында жаңа платформа құруды ұсынды

Бірнеше күн бұрын ЭЫДҰ-ның кең мәнмәтінінде Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың аясында жаңа платформа құру ұсынылды, деп Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың төрағасы Әлихан Байменов айтып өтті.
Астана қаласы26 Мамыр , 11:49

«ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару дирекциясының ойынша Астаналық хаб- бұл аймақта  ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаттарын жариялайтын платформа»,-деді ол.

Ә. Байменовтың айтуы бойынша, бірнеше күн бұрын ЭЫДҰ кең мәнмәтінде жаңа платформаны құру туралы ұсыныс айтылған.

«Хабтың күн тәртібі икемді құралы болып табылады және біз тәжірибені көшірудің орнына жақсы шешімдер табуға тырысудамыз. Өңірлік хаб мемлекеттік қызмет министрлігіне қолдау және көмек көрсету бойынша сараптық және кеңестік шараларды өткізеді. Көбінесе, осы жылы хаб жаңа сыйақы жүйелері мен барлық мемлекеттік қызметшілерге арналған құзыреттілік модельді дамыту үшін халықаралық конференция өткізді»,-деді ол.

Осы жылы Өңірлік хабпен әлеуетті өсіру бойынша 30-дан астам іс-шара өткізілді. Шараға Қазақстанның 800-ден астам мемлекеттік қызмектерлері қатысты.  

Айта кетейік, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институцоналды реформасын жариялады, ол жерде реформа басымдықтары белгіленді және аталмыш реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жасалды.

Бірінші институционалдық реформа аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша бірқатар заңдар қыбалданды: мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақпаратқа қол жеткізу туралы, қоғамдық кеңес туралы, сондай-ақ заң күшіндегі актілер. Сонымен бірге, ең үздік халықаралық тәжірибе мен ұлттық ерекшелікпен мемлекеттік қызметтің алдағы трансформациясы салынды.

Естерінізге сала кетейік, Астана қаласында Астана экономикалық форум өтуде, форумға әлемнің 80 елінен келген 5000-нан астам делегаты қатысуда.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика