Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

А. Мәмин: ҚТЖ 5 жыл ішінде Қытайдан Еуропаға контейнер тасымалдауды 100 есеге арттырды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 5 жыл ішінде Қытайдан Еуропаға контейнер тасымалдауды 100 есеге көбейтті. Бұл туралы компания президенті Асқар Мамин Астана экономикалық форумы аясындағы Жібек жолы елдерінің форумында айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 11:54

«Біз соңғы бес жылда 2016 жылдың көрсеткішімен қоса Қытайдан Еуропаға контейнер тасымалдауды 100 есеге өсірдік. Бұл жұмыс тығыз бәсекелестік негізінде жүргізілуде. Салыстыру үшін: контейнерлерді теңіз арқылы тасымалдау 7,5 есеге қысқарды», - деді А.Мәмин.

Оның атйуынша, бұл көрсеткішке Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту арқылы жеткізілді. Осы уақыт ішінде елде 1700 км темір жол салынып, логистикалық орталықтар мен автомобиль жолдары жөнделді.

Сондай-ақ, қызмет көрсету сапасы жоғары сапаға ие болды.

«Біздің тұтынушыларымыз нарықта жұмыс істейтін ірі IT компаниялар. Біздің контейнерлерде арнайы датчиктер орнатылған, біз жүкті тасымалдауда толық қауіпсіздікті қамтимыз», - деді ол.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика