Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

А.Мамин: Қазақстан 2020-шы жылға қарай логистикалық ахуалы үздік 40 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ң даму стратегиясына сәйкес, Қазақстан 2020 жылға қарай логистикалық ахуалы үздік 40 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: Энергия, ресурстар және орнықты даму» сессиясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин мәлім етті.
Астана қаласы26 Мамыр , 11:43

«Алдымызға қойып отырған мақсатымыз - өзіміздің LРІ логистика тиімділігі индексімізді жақсарту. Біз 2020 жылға қарай логистикалық ахуалы үздік 40 елдің қатарына кіргіміз келеді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар өз нәтижесін көрсететін болады», - деді ол. 

Компания басшысының атап өтуінше, бүгінде «Қазақстан темір жолы» жалпы табысының 30 пайызы жүк тасымалдау есебінен түсуде. Алдағы уақытта, нақтылай айтқанда 2020 жылға қарай компания бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізуді жоспарлауда. «Өзіміздің стратагиялық мақсаттарымыз аясында шешуді жоспарлап отырған негізгі міндеттеріміз осындай», - деп түйіндеді сөзін А.Мамин.   

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика