2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды. Көрсетілген кезеңде қабылданған құжаттардың жалпы саны — 276.
Астана қаласы26 Мамыр , 12:36

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 11 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі өткізілді», - деп хабарлады «Болашақ» бағдарламасының баспасөз қызметі.

Көрсетілген кезеңде қабылданған құжаттардың жалпы саны — 276, олардың ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қабылдағаны – 168, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 47, «электронды үкімет» порталы арқылы– 61. Бұл ретте академиялық оқуға 215 үміткер, тағылымдамаға – 61 үміткер тіркелген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізілетіндігін еске саламыз: бірінші кезең – 11 сәуір – 13 мамыр; екінші кезең – 13 маусым — 29 шілде;үшіншікезең – 15 тамыз — 30 қыркүйек.

 




Яндекс.Метрика