Адамзаттық капитал

Қазақстанның әскери теңізшілері үшін жағалық және теңіз дайындығы бойынша жиын өткізілді (ФОТО)

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде 21814 әскери бөлімінің корабльдерінде әртекті корабльдер дивизионының старшиналарымен және суүсті корабльдерінің боцмандарымен командирлік дайындық бойынша жиын өтті.
Казахстан26 Мамыр , 12:51

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде 21814 әскери бөлімінің корабльдерінде  әртекті корабльдер дивизионының старшинасы 2-сыныпты старшина Дамир Еркінов пен Әскери-теңіз базасының старшинасы 2-сыныпты старшина Таңатқан Амановтың жетекшілік етуімен корабльдердің старшиналары және суүсті корабльдерінің боцмандарымен командирлік дайындық бойынша жиын өтті. 

Барлық старшиналар қатысқан іс-шара екі кезеңді, яки, жағалық және теңіз даярлығын қамтыды. «Жиын өткізілген кезде алған білімім мен жинақтаған тәжірибемді «Каспий теңізі» теңіз биатлонында қолданып, жеңіске қол жеткізу үшін жақсы нәтиже көрсететініме нық сенімдімін», - дейді «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің боцманы 3-сыныпты старшина Қойшыбекұлы Ғалымжан. Жиынның негізгі мақсаты – корабль старшиналары мен боцмандарының білімін жетілдіру болып табылады.

Негізгі мәселелер жеке құрамды корабльге орналастыру, рейдтік қызмет қағидаларын сақтау және корабльдің жандылығына күресу кезінде техникалық құралдарды пайдалану, әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ корабльдің корабльді зәкірлік, тартқыш және тиеу құрылғыларының әрекет етуге әзірлігі мен бүтін жай-күйде ұстау болды. ҚР ҚК ӘТК старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаев атап өткендей, жиын аяқталғаннан кейін күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамға басшылық ету және корабльді қондырғыларды пайдалану мәселелерінде старшиналар құрамының білімдері мен дағдылары анағұрлым арта түсті. Және де әрбір старшина бағынысты үшін - ол командир.

Сондықтан ол өз ісінің кәсіпқойы болуы абзал. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика