Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Султаноглу: Ұлт жоспары ЭЫДҰ стандартына сәйкес мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға бағытталған

Қазақстанның Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» бес институционалдық реформасы ЭЫДҰ стандартына сәйкес мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға бағытталған өршіл және кең бастамалардың үлгісі болып табылады, деп БҰҰ бас хатшысының көмекшісі, БҰҰБД әкімшілігінің көмекшісі және Еуропа мен ТМД елдері бойынша аймақ бюросының директоры Джихан Султаноглу институционалдық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін кәсіби мемлекеттік аппаратты дамытуға арналған Астана экономикалық форумының сессиясында айтып өтті.
Астана қаласы26 Мамыр , 11:09

«Қазақстанның Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» бес институционалдық реформасы ЭЫДҰ стандартына сәйкес мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға бағытталған өршіл және кең бастамалардың үлгі болып табылады, және бұл жерде құрылымдық реформаға қол жеткізу оңай болмайтындығын түсінеміз, осыған орай, бұл біздердің тарапымыздан нақты ойланып жасалған қадамды талап етеді, сондай-ақ барлық министрліктердің, ведомство мен азаматтардың қолдауын талап етеді. Бұл реформаларды өткізіп, әлеуметтік пәтуаға қол жеткізу үшін көп шыдамдылық мен уақыт керек»,-деді ол.

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі айтып өткендей, Қазақстанда басқа елдердегі секілді кәсіби мемлекеттік аппаратқа қолдау жалғасатын болады.

«Қазақстанда БҰҰДБ мемлекеттік қызмет туралы заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң, ақпаратқа қол жеткізу туралы заң, қоғамдық кеңес туралы заңдар дамуын қолдау үшін мәртебеге ие болды. БҰҰДБ ұлттық деңгейде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру үшін уақтылы көмек көрсетті»,-деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанның Үкіметі мемлекеттік қызметке тартылатын жас мамандар арқылы өз инновацияларын жылжытады.

«Біз Қазақстан Үкіметінің бастамасы мен БҰҰДБ-ның Астанада мемлекеттік қызметтің аймақтық хабын құру туралы бастамасымен мақтанамыз. Біз берлісіп зерттеу жұмыстарын жүргізе алдық, мемаппараттың трансформацимясымен байланысты жүйелерін қарастыра алдық. 31 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым осы мәселелерді талқылау үшін жиналдық»,-деді Д. Султаноглу.

Естерінізге сала кетейік, Астана қаласында Астана экономикалық форум өтуде, форумға әлемнің 80 елінен келген 5000-нан астам делегаты қатысуда.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика