Инвестициялар

Өскеменнің сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға 4,4 млрд. теңге тартылатын болады

ШҚО облысының әкімі Даниял Ахметов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти Астанада облыс орталығының сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бойынша жобаны қолдауға бағытталған 4,4 млрд. теңгенің келісіміне қол қойды.
Астана қаласы 26 Мамыр, 11:26

Жобаны жүзеге асыру Өскеменнің сумен жабдықтау және су тарту нысандарының техникалық жағдайын жақсартып, артық шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Бұдан бөлек, «Өскемен Водоканал» МҚК-ы инженерлік коммуникацияларда болатын апатты жағдайлырдың алдын алатын және дер кезінде мәселені оңтайлы шешуге көмектесетін арнайы коммуналдық техникамен жабдықталады. Аталмыш жоба орындалса халыққа қызмет көрсету сапасы артады.

«Біздің жобалардың барлығы инфроқұрылымды дамытуға бағытталған. Өзкезегінде бұл аймақ экономикасын нығайтады және мемлекет экономикасының дамуына да белгілі деңгейде үлес қосады. Егер, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бермей, Үкімет банкпен бірлесе жұмыс істемегенде бұл келісімге қол жеткізе алмас едік», деп атап өтті Д.Ахметов келісімге қол қою қорытындысында. 





Яндекс.Метрика