Инвестициялар

ҚР мен ЕҚДБ 380 млн доллардың 6 инвестициялық жобасына қол қойды (ФОТО)

Еуропалық қайта құру және даму банкі Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Қостанай облысы мен ҚазТрансГаз Аймақ, Интергаз Орталық Азия және Фудмастермен 6 инвестициялық келісім орнатты.
Астана қаласы 26 Мамыр, 10:37

«Бүгiн бiрқатар маңызды келiсiмдерге қол қойдық. Бұл жобалар Еуропа қайта құру және даму банкi мен Қазақстан арасындағы серiктестiк аясында жүзеге асырылады. Өткен жылы бiз 800 млн долларға жуық қаражат инвестицияладық.  Биылғы жылы да осындай жоғары көрсеткiшке қол жеткiзудi көздеп отырмыз. Бүгiн қол қойылған келiсiмдер осы жоспардың бiр бөлiгi болып табылады. Тағы бiр жоба Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы газ тарату желiлерiн жаңғыртып, жаңаларын салуға бағытталған. Бұдан бөлек, банк тамақ өнеркәсiбi секторындағы жаңа жобаны қаржыландырады. Бұл жобалардың жалпы құны 380 млн доллардан асады

Оның айтуынша, жалпы, банктiң Қазақстанға салған инвестицияларының жалпы құны бүгiнгi күнi 7 млрд доллардан асады.

«Қазiргi уақытта Қазақстан 36 мемлекетттiң арасында бiздiң төртiншi iрi нарығымыз болып отыр. Инвестициялардың денi елде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен инновациялардың арқасында мүмкiн болды. Борыштың бiр бөлiгi теңгемен берiлсе, тағы бiр бөлiгi Ұлттық банкпен жасалған келiсiм және қазақстандық валютадағы бағалы қағаздар шығару арқылы жүзеге асырылады», - деді ЕҚДБ басшысы.

Айта кетейік, қарыздар теңге түрінде Ұлттық банктің келісімі мен облигациялар шығарылуы арқылы беріледі.

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат  Әлиев

 

 

 





Яндекс.Метрика