Білім беру

Д.Абаев: Қазақстан халқының сандық сауаттылық деңгейі 74%-ды құрайды

Астана экономикалық форум аясында «Елдер мен адамдар арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету» тақырыбанда сессия өтуде. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз сөзінде кез-келген елде адамдар арасындағы теңсіздік жаһандық болып табылатындығын баса айтты.
Астана қаласы26 Мамыр , 10:28

Д. Абаев қазіргі заманғы байланыс құралдарына біздің өміріміздің барлық салалары байланып тұрғанын айтып өтті. Олар: білім, жұмысқа тұру, мәдениет, қаржы, жария саясат, жарнама, сауда – осының барлығы 21 ғасырда Интернеттің әсерінен даму үстінде.

«Жалпы алғанда сандық алшақтықтың постиндустриалдық дәуірінде әлеуметтік және экономикалық теңсіздік тартылуда. Сол себепті адамдар арасындағы ақпараттық теңсіздікті еңсеру – ол мақсат, кедейлікті жеңуде өз көлеміне орай салыстыруға болады деп айтсам артық болмас. Мәселе жаһандық сипатқа ие болып келеді»-деді ол.

Қазақстандағы сандық алшақтық туралы айта келе, министр сандық технологияларды пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлді, сондай-ақ ауылдардағы сандық қызметке деген қолжетімділік қаламен салыстырғанда төмен екендігін айтып өтті.

«Егер ауыл тұрғындары Қазақстанның жарты тұрғындары екенін ескеретін болсақ, онда мәселенің көлемі елеулі болып келеді»,-деді Д. Абаев.

Министрліктің мәлеметі бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда Интернет желісімен халықтың 72%-ы қамтылған, ал халықтың сандық сауаттылық деңгейі 74 %-ды құрайды. Сондай-ақ, Д.Абаев өз сөзінде халық арасында сандық сауаттылықты көтеру керектігін айтып өтті. 




Яндекс.Метрика