Білім беру

Астанада Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының V Еуразиялық форумы өтiп жатыр

Бүгiн Назарбаев университетiнде Астана экономикалық форумы аясында «Жоғары бiлiм және экономиканы жаңғырту: инновациялық және кәсiпкерлiк ЖОО» тақырыбында Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының V Еуразиялық форумы өтiп жатыр.
Астана қаласы26 Мамыр , 10:19

Атап өтсек, форумға Қазақстан, Ұлыбритания, Израиль, Қытай, АҚШ, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей сияқты алыс және жақын елдерден келген 300-ден астам адам қатысуда.

Форум аясында халықаралық және отандық сарапшылардың, ЖОО және бизнес қоғамдастық өкiлдерiнiң қатысуымен пленарлық мәжiлiс, Назарбаев университетiнiң тәжiрибесiн трансляциялау семинарлары өтедi.

Өзектi мәселелер қарастырылған пленарлық мәжiлiсте 30 мың студентi бар Израильдiң ең iрi жоғары оқу орны Тель-Авив университетiнiң президентi Джозеф Клафтер баяндама жасады.

«Бiз студенттердi әртүрлi бағытта оқытып, зерттеу жүргiземiз. Тель-Авив университетi әлемнiң үздiк 100 университетiнiң қатарына кiредi. Әлемнiң көптеген жоғары оқу орындарының түлектерi қаншалықты жоғары жетiстiкке жеткенi тексерiлген болатын. Бiздiң университет бұл салада 9-шы орынға ие болды. 150 стартаперге қолдау көрсеттiк. Түрлi қорлар, оның iшiнде Google 1 млрд доллар берiп, стартаперлерге қаржылай қолдау көрсетуде», - дедi Джозеф Клафтер.

Оның айтуынша, аталған университте зерттеуге миллиард доллар жұмсалмайды. Израильде мемлекет пен үкiмет реттейтiн мемлекеттiк қаржыландыру бар. Мысалы, АҚШ университеттерi зерттеу жұмыстарына миллиардтаған доллар жұмсаса, Тель-Авив университетi зерттеуге жылына 2,5 млн доллар жұмсайды. Бұл көп қаржы емес. Қаражат инновациялар, патенттер, одан кейiн бизнестiң дамуына ықпал етедi.

Форумның пленарлық мәжiлiсiнде талқыланған негiзгi мәселелер: университтерде ғылымды қажет ететiн салалар мен инновациялық өндiрiстi құру, қазiргi заманға сай кадрларды даярлау, дәстүрлi академиялық құндылықтарға шығын келтiрмей, ЖОО-ларды заманауи, дамыған және бiлiм жинақтайтын орындарға айналдыру.

 




Яндекс.Метрика