Халықаралық интеграция

Ә.Исекешев: ҚР ИДМ Қазақстанның шетелдік мекемелеріне үнемдеу жұмыстарын жүргізуде

Инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін ҚР инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік орган және үкімет жұмысын қайта құрылымдады. 2016 жылдан бастап ҚР ИДМ инвесторлар үшін «бір терезеде» жұмыс істей бастады, деп ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев АЭФ аясында өтіп жатқан инвесторлық саммит барысында мәлім етті.
Астана қаласы26 Мамыр , 09:58

Оның айтуы бойынша, жылдың басынан бастап-ақ 500-ден астам инвестор инвесторлар үшін «бір терезеден» қызмет алған.

«Инвесторлар үшін «бір терезе»-бұл жай ғана механизм емес, бұл жаңа философия. Бұл инвесторларға мемлекеттік үйлестірілген қолдауды ұсынудың бірегей нүктесі және бюрократтық қағазбастылықты қысқартады. Біз инвесторларды Қазақстанның нарығына дейін кіргеннен, жобаның іске асырылуына  дейін сүйемелдейміз.

Ә.Исекешев өз сөзінде Президенттің тапсырысымен Үкімет Қазақстандағы шетелдік мекемелерге үнемдеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтып өтті. Бүгінгі күні 10 басым елдер таңдалған, ол жерге инвестиция бойынша 10 арнайы кеңесшілер бекітілетін болады.

Сонымен қатар, НАЭИ «KAZNEX INVEST»-тің 5 шетелдік кеңселерін ашуда: Нью-Йорк, Дубай, Франкфурт, Стамбул және Пекин. Бұл құрылымдар бүкіл аймақ үшін қызметтердің толық спектрін көрсетеді-құжаттарды дайындау, инвестициялық алаңды анықтау, серіктестерді таңдау, лицензиялар мен рұқсаттамалар алу сынды мәселелер бойынша кеңес өткізеді.

Сондай-ақ, ҚР ИДМ облыс пен қала деңгейіндегі жұмыстарды көбірек үйлестіре бастады.

 




Яндекс.Метрика