Халықаралық интеграция

Б.Сағынтаев Астана экономикалық форумының қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумының қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Астана қаласы26 Мамыр , 09:12

Колумбия университеті Жер институтының директоры Джеффри Сакс пен Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында Қазақстандағы экономиканы, құрылымдық реформаларды әртараптандыру мәселелерін талқылады.

SPRING Дамыту жөніндегі агенттіктің (Сингапур) төрағасы Филлип Йео мен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары сингапурлық дамыту институтының Қазақстанмен ынтымақтастығындағы мүмкін салаларды белгіледі.

Колумбия университетінің экономика профессоры, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ЖБИ) авторы Ксавьер Сала-и-Мартинмен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда 2018 жылға дейін ЖБИ көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар Жоспарын жүзеге асыру туралы айтты. Ксавьер Сала-и-Мартин Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және біздің елдің орта және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуі бойынша өзінің сараптық пікірін білдірді. 

Монополияға қарсы реттеу арқылы экономиканы реттеуден бәсекелестікті қорғауға көшу мәселелері Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымының Бәсекелестік комитетінің төрағасы Фредерик Женнимен кездесуде талқыланды.

Жаңарту жөніндегі комитеттің атқарушы директоры Бреттон-Вудса Марк Узан қазіргі қаржы құрылымын реформалаудың жаһандық үдерісі туралы мәлімдеді.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты Кристофер Писсаридеспен, экономист Артур Лаффермен, профессор доктор Клаус Мангольдпен келіссөздер жүргізді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика