Халықаралық интеграция

Ю.Кейнхорст: Қазақстанда шикізатқа сұраныс дәрежесін анықтау керек

Қазақстанда шикізатқа сұраныс дәрежесін анықтау керек, сондай-ақ, құрылымдық өзгерістердің әсерін зерттеген жөн. Бұл туралы ГФР Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау және ядролық реакторлар қауіпсіздігі министрі Юрген Кейнхорст Астана экономикалық форумы аясында айтты.
Астана қаласы25 Мамыр , 20:43

«Барлық елдер өзіне тән ерекше сипаттамаға, бәсекелестік басымдылық пен ең кірісті салаға  ие болады. Қазақстанда да өзіндік стратегияны әзірлеу керек, тиімділікті арттырып, субсидияны белгілеу керек», - деді ол.

Сарапшы атап өткендей, Қазақстанда шикізатқа сұраныс дәрежесін анықтау керек, сондай-ақ, құрылымдық өзгерістердің әсерін зерттеген жөн.

«Қазақстанда кен орындары өте көп, оларды белгілі стратегиялар бойынша дамыту қажет. Сондай-ақ, ЕО мен БҰҰ ДБ және ЭФДҰ әріптестеріміз ұсынатын халықаралық тәжірибені де қолданған жөн. Қазақстан саяси диалог орнатуға ұмтылуда. Осы сынды ашық диалогтарға зге елдердің де қатысқаны жөн», - деді ол.

Айта кетейік, IX Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл экономика: әлеуметтік инновациялар, экономикалық өсу және экология» атты арнайы сессия өтті.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика