Өңірлер

Қостанай облысында биыл ауыл шаруашылығы мәдениетіне 5 млн га жер бөлінді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, деп хабарлады АШМ.
Қостанай25 Мамыр , 20:06

Аймақта егіс науқаны жүріп жатыр. Осы жылы өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 5155,4 мың.гектар, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4107 мың. га жерді қамтыды.

Аймақта жазғы дәнді дақылдар  1,9 млн.га (48,6%), майлы дақылдар – 177 мың.га (56,2%), көпжылдық өсімдіктер – 18,1 мың.га (42,6%), картоп – 9,8 мың.га (96,9%), көкөніс – 2,3 мың.га (95,8%), бақша дақылдары – 0,5 мың.га (91,9%) алқапта егілді.   

ҚР Энергетика Министрлігімен бекітілген кестене сай мұнай өңдеу зауытынан арзандатылған бағамен 1 тоннаға 95421 теңге көлемінде ( шамамен бір литрге 79 теңге) 366,8 мың.тонна дизель отыны бөлінді. 2016 жылдың 19 мамырдағы жағдай бойынша Қостанай облысында көктемгі егіс жұмыстарына 44 мың. тонна көлемінде дизель отыны  қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен 2016 жылы минералды тыңайтқыштардың бағасын арзандатуға 14,5 млрд.теңге қарастырылған болса, ал Қостанай облысымен аталмыш бағытқа 4 млрд.теңге бөлінген.

Сонымен бірге тыңайтқышты отандық өндірушілерден сатып алу кезінде отандық тыңайтқыш өндірушіге алынған тыңайтқыштың құнының 50%, ал шетелдік өндірушіден сатып алғанда 30% субсидия төленеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика