EXPO-2017

Сауд Арабиясы ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы Келісімге қол қойды

АЭФ-ң «Болашақтың энергиясы: жаһандық тренд және технология» панельдік сессиясының аясында Сауд Арабиясы Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Астана қаласы26 Мамыр , 09:43

Келісімге ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев пен ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Сауд Арабия секциясының Комиссары, ядролық және жаңартылған энергетика бойынша Король Абдаллы атындағы ғылыми қалашықтағы аға кеңесші Абдулла аль-Хамуди қол қойды.

2040-шы жылға қарай Сауд Арабиясы дәстүрлі мұнай мен көмірді пайдаланудан бас тартып, баламалы энергия көздері – күн энергиясы мен жел энергиясына көшуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта жақын жиырма жылда САК-ң басшылығы 109 млрд. долларды күн энергетикалық инфроқұрылымын дамытуға салмақ. 




Яндекс.Метрика