Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Ерейментауда ет комбинатының құрылысы басталды

Ерейментау қаласында ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру бойынша ет комбинатының құрылысы басталды, деп Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғманов хабарлады.
Ақмола26 Мамыр , 09:28

Оның айтуынша, жоба ағымдағы жылдың 4 тоқсанында іске асырылады. «Шұжық өнімдері болады, «Мясной двор» сауда желісіне жеткізіледі және тұрғындар үшін бағасы қолжетімді болады»,-деді ол.

Сонымен қатар әкім өткен жылы енгізілген «Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС осы жылы 23 млн теңгенің милионнан астам кірпішін өндірді және елорданы құрылыс материалдарымен жабдықтағанын айтып өтті.

«Сонымен бірге ауданның индустриализация картасының өсуіне «Алғашқы жел электр станциясы» ЖШС кәсіпкері енгізді, олар 1,4 млрд теңгенің 67,3 млн КВт электр энергиясын өндірді»,-деп хабарлады аймақ басшысы.

Е.Нұғмановтың айтуы бойынша, ауданда қуаттылығы 50 МВт болатын жел саябағын құру жоспарланған, оның құны шамамен 24 млрд теңге. Жобаны бастаушы «Ereimentau Wihd Pauer»ЖШС.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика